Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Электрондық білезіктерді күдіктілерге қолдану: қамауда ұстау шарасына балама ретінде

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (ҚПК) бұлтартпау шараларының гуманистік түрлері кеңейтілуде. Соның ішінде «электрондық бақылау құралдарын», яғни электрондық білезіктерді қолдану өзекті орын алады. Бұл құралдар күдіктінің үйқамақта немесе бостандықта жүріп, алдын ала белгіленген шектеулерді сақтап, тергеу органдарының бақылауында болуын қамтамасыз етеді.

ҚПК-нің 147-бабы қамауда ұстау бұлтартпау шарасын қолдану кезінде оны тек тергеу судьясының санкциясымен жүзеге асыруды талап етеді. Егер тергеу судьясы бұл шараны қажет деп таппаса, 148-бапқа сәйкес, үйқамақ немесе кепіл сияқты жеңілдетілген шараларды қолдануға басымдық беріледі. Осындай жағдайларда электрондық білезіктер күдіктінің әрекеттерін қашықтан бақылауға мүмкіндік береді, ал бұл шараның тиімділігі халықаралық тәжірибеде дәлелденген.

ҚПК-нің 136, 139 және 148-баптары электрондық бақылау құралдарын қолдануды регламенттейді:

— ҚПК-нің 136-бабы күдіктілердің қозғалысын бақылау арқылы оларды белгілі бір аймақта ұстауды талап етеді.

— ҚПК-нің 139-бабы бұлтартпау шараларын қолдану кезінде күдіктілерге арнайы шектеулер қояды.

— 148-бапта көрсетілгендей, тергеу судьясы бұлтартпау шарасын таңдауда оның заңдылығын қатаң қадағалауға міндетті.

Практикалық қолданыста Электрондық білезіктерді қолдану көбінесе экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды тергеу барысында тиімді деп танылды. Мысалы, тергеу судьясының санкциясымен үйқамақта болған күдікті электрондық бақылау арқылы тергеу барысында қажетті аймақта ғана болды, бұл тергеу жұмыстарын жылдамдатуға мүмкіндік берді.

Электрондық білезіктердің қолданылуы қамауда ұстау қажеттілігін азайтып, қылмыстық процестің гуманизациялануына ықпал етеді. Бұл шаралар:

— Күдіктілердің бостандықта қалуына мүмкіндік береді.

— Мемлекеттік ресурстарды үнемдейді.

— Тергеу органдарының бақылауында болуын қамтамасыз етеді.

Электрондық білезіктерді қолдану қылмыстық-процестік заңнаманың заманауи талабына сай келетін тиімді құрал болып табылады. Бұл механизм тек күдіктілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай, тергеу тиімділігін арттыруға да ықпал етеді.

Жезқазан қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Асель Ерлановна Киянбекова

11:15
150
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.