"Заң және тәртіп" басты бағдар ретінде: облыстық экономикалық тергеп-тексеру қызметі жұмысының нәтижелері ұсынылды

Жезқазғанда Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Марғұлан Қалиақпаровтың қатысуымен брифинг өтті, онда департаменттің жұмыс нәтижелері және оның қызметінің басым бағыттары атап өтілді. Экономикалық қылмыстармен күрес, көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет, қаржылық сауаттылықты арттыру және барлық мемлекеттік органдардың жұмысына бағытталған басты бағдар ретінде «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға ерекше назар аударылды.
Брифингте айтылғандай, Департаменттің жұмысы Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі қойып отырған міндеттерге толық сәйкес келеді. Негізгі назар бюджет қаражатын қорғауға, көлеңкелі экономика схемаларын жоюға және алдын алу шараларына аударылған.
Атап айтқанда, профилактикалық жұмыстарға, әсіресе жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінді. Агенттіктің бастамасымен өткізілген Қаржылық сауаттылық бойынша Ұлттық олимпиада аясында Департамент өңірдің білім беру мекемелерінде оқыту іс-шараларының циклын ұйымдастырды. Бұл шаралар қаржы пирамидалары, «дроперлердің» қатысуымен болатын алаяқтық схемалар мен басқа да қылмыстарға қатысты тәуекелдерді түсіндіруге бағытталды, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналып өткізілді.
Брифинг барысында 2025 жылдың өткен кезеңіндегі жұмыстардың нақты нәтижелері де ұсынылды. Жезді кентіндегі бөгетті бұзу ісі, соның нәтижесінде мемлекетке 178 млн теңге көлемінде залал келтірілгені атап өтілді. Бұл залал толығымен өтелді, ал сот ісі жалғасуда.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік секторда заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру және мемлекеттік сатып алу кезінде артық делдалдық схемалары анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде мақсатсыз шығындар алдын алынып, 280 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.
Марғұлан Қалиақпаров цифрлық алаяқтық схемаларының қарқынды дамуы басты сын-қатерлердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін талдамалық құралдарды үнемі жаңартып отыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және халық арасында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екені айтылды.
Соңында, Департамент азаматтар тарапынан ашықтық пен сенімділікті арттыру қағидаттарын сақтай отырып, қаржы-экономикалық саладағы заңдылықты нығайту және бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.
Ұлытау облысы бойынша ЭТТД.