Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысының әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Ұлытау облысының әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Жүздесу барысында аймақ басшысы жергілікті бизнес өкілдеріне ел экономикасына қосып жатқан үлестері үшін алғыс білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Изображение

Изображение

Кездесу барысында облыс әкімі кәсіпкерлерді өңірге қажетті әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға белсене атсалысуға шақырды. Атап айтқанда, Жезқазған қаласын абаттандыру жұмыстарына қолдау білдіру – басты назарда.

— Туған жерге жанашырлық таныту – әр азаматтың перзенттік парызы. Кәсіпкерлердің осы бағыттағы белсенділігі өңіріміздің өркендеуіне зор серпін береді, — деді өңір басшысы Дастан Рыспеков өз сөзінде.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, кәсіпкерлер өз ұсыныстарын жеткізіп, туындаған мәселелер бойынша сауалдарын қойды. 

Жиын соңында облыс әкімі Жезқазған қаласының әкімдігіне кәсіпкерлермен қолға алынуы тиіс жобалардың эскизін дайындауды тапсырды.

Изображение

10:10
28
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.