ҚАЛЫҢДЫҚ ҰРЛАУ- ҚЫЛМЫС: ЗАҢ ҚАТАЙДЫ

Қазақстанда әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған тағы бір маңызды қадам жасалды. Елімізде қалыңдық ұрлау бойынша жауапкершілік қатаңдатылды. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен қабылданды.
Не өзгерді?
ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес:
- Біреуді оның еркінен тыс неке қиюға мәжбүрлеу,
- Қалыңдықты ұрлау мақсатында бостандығынан заңсыз айыру,
- Зорлық-зомбылық, психологиялық қысым көрсету,
сияқты әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.
Атап айтқанда, бұл қылмыстар үшін:
- 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру,
- Аса ауыр жағдайда – 10 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін.
Неліктен бұл маңызды?
Кей өңірлерде әлі де «дәстүр» ретінде қаралатын қалыңдық ұрлау іс жүзінде адамның конституциялық құқықтарын бұзатын қылмыс болып саналады. Мұндай әрекеттер қыздардың өміріне, бостандығына, психологиялық денсаулығына қауіп төндіреді.
Біздің міндетіміз — үнсіз қалмау
Халықты хабардар ету — зорлық-зомбылықтың алдын алудың басты жолы. Әрбір азамат заңсыз әрекеттерге қарсы тұруы тиіс.
Қалыңдық ұрлау — қылмыс! Дәстүр емес, заң бұзушылық!
Эльвира Алпанбаева, Ұлытау облысының әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi облыстық комиссия мүшесі.