«Өрлеу» бағдарламасы аясындағы лизинг – бизнесті дамытуға арналған дайын шешім

«Өрлеу» лизинг бағдарламасы кәсіпкерлерге елде өндірілген отандық жабдық, арнайы техника, коммерциялық көлік пен жеңіл автомобильдерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді.
📌 Негізгі шарттары:
✔️ Қаржы 1 млрд теңгеге дейін беріледі
✔️ Алдын-ала төлем – лизинг құнының 15%-ынан басталады
✔️ Сыйақы мөлшерлемесі — жылына 17% дейін
✔️ Лизинг мерзімі — 7 жылға дейін
✔️ Қолда бар лизинг қарыздарын қайта қаржыландыру – қалдық мерзім ішінде
✔️ Сыйақы бойынша жеңілдікті кезең — 1 жылға дейін
Бұл құрал алғашқы жылдардағы қаржылай жүктемені азайтып, айналым қаражатын сақтауға және дамуға бет бұруға жағдай жасайды. Бұнымен қатар бағдарлама қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне сұраныс туғызып, отандық бизнестің дамуына ықпал етеді.
Толық ақпаратты «Даму» Қорының өңірлік филиалдары мен 1408 нөміріне хабарласып білу керек.