Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Адам өмірі – бәрінен қымбат

Адам өмірі – бәрінен қымбат

Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс болып табылады.

Қазіргі уақытта әлемдегі геосаяси жағдайларға байланысты шет мемлекеттерде күн сайын әскери қақтығыстар орын алуда.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда аталған шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысуы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Қазақстан Республикасының азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған жағдайда қасақана, құқыққа сыйымсыз қатысуы Қылмыстық кодекстің 172-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады

(бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру).

Сондай-ақ мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға немесе конституциялық құрылысты құлатуға бағытталған оқыту, үгіт-насихат жүргізу, азғыру, қаржыландыру немесе өзге де материалдық қамтамасыз ету әрекеттері Қылмыстық кодекстің 170-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделген

(жеті жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру).

Осыған байланысты Сіздерді шет мемлекеттердің аумағындағы кез келген қарулы қақтығыстарға араласудан бойларыңызды аулақ ұстауға шақырамыз.

Ұлытау облысының прокуратурасы.

10:35
7
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.