Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Жаңа Конституция референдумына қаражат Үкіметтің резервінен бөлінеді

Жаңа Конституция референдумына қаражат Үкіметтің резервінен бөлінеді

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков алдағы референдумға бөлінетін қаржатқа қатысты пікір айтты

— Қажет сома әлі белгісіз. Оны бүгін түстен кейін немесе ертең жариялай аламыз. Бұл ретте, Орталық сайлау комиссиясының бюджеттік өтінімін күтіп отырмыз, — деді Д. Темірбеков Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар журналистер осыған дейінгі референдумға қарағанда қаражат қаншалықты артық бөлінуі мүмкін екенін сұрады.

— Халық санының өскенін және инфляция деңгейін ескере отырып, шығын біршама жоғары болады деп ойлаймын. Бізде халық саны көбейгеннен кейін, сайлау учаскелері де көбірек ашылады. Сондықтан бөлінетін қаражат артуы ықтимал. Қаражат Үкіметтің резервінен қарастырылады, — деді вице-министр.

 https://kaz.inform.kz/news/zhana-konstitutsiya-referendumina-karazhat-ukmettn-rezervnen-bolned-0a29e3/ 

13:35
14
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.