Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Сәтбаевта үйленгендеріне 30 жыл толған отбасы өз дауыстарын берді

Сәтбаевта үйленгендеріне 30 жыл толған отбасы өз дауыстарын берді

Сәтбаев қаласында референдум күні шаңырақ көтергендеріне 30 жыл толған отбасы дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Ұзақ жылдар бойы бірге өмір сүріп келе жатқан ерлі-зайыптылар бұл маңызды күні азаматтық борыштарын орындап, референдумға белсенді қатысты.

Отбасы мүшелері ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдағы маңызды оқиғаларға қатысуды әр азаматтың міндеті деп санайтынын жеткізді. Олардың айтуынша, әрбір дауыс мемлекет дамуына өз үлесін қосады.

Берекелі отбасының бұл қадамы жас ұрпаққа үлгі болып, тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырады.

13:00
12
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.