Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлытау облысында бірқатар әлеуметтік қолдау шарасы жүзеге асырылады

9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлытау облысында бірқатар әлеуметтік қолдау шарасы жүзеге асырылады

Атап айтқанда, тыл еңбеккерлеріне 200 000 (екі жүз мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерінің жұбайларына 100 000 теңге мөлшерінде төлем қарастырылған.

Бұдан бөлек, концлагерьлердің, геттолардың және өзге де мәжбүрлі ұстау орындарының тұтқындарына да 200 000 (екі жүз мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылып, азаматтардың есепшоттарына 25 сәуір мен 7 мамыр аралығында аударылады.

Қазіргі таңда облыс бойынша 317 тыл еңбеккері, 19 Ұлы Отан соғысында қайтыс болған қатысушылардың (мүгедектердің) жұбайлары және 2 концлагерь тұтқыны тұрады.

15:40
13
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.