Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Мемлекеттік қолдау кәсіпкерлерге жақындай түсті: аудан кәсіпкерлеріне жергілікті жерде кеңес беріледі

Мемлекеттік қолдау кәсіпкерлерге жақындай түсті: аудан кәсіпкерлеріне жергілікті жерде кеңес беріледі

«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлытау облысында кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Мобильді фронт-офис» жобасын іске қосуды бастады.

Жоба аясында «Даму» қорының мамандары жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен бірлесіп, өңірдің қалаларына, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендеріне барып, көшпелі консультациялар өткізеді.

Жобаның негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдетілген несиелеу, субсидиялау және кепілдендіру бағдарламалары туралы өзекті ақпарат беріп, бизнесті дамытуға арналған тиімді құралдарды таңдауға көмектесу.

Бұл жоба әсіресе ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы кәсіпкерлер үшін маңызды. Енді олар алғашқы кеңес алу үшін облыс орталығына бармай-ақ, қажетті ақпаратты өз елді мекенінде ала алады.

Мобильді фронт-офис бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеп, кәсіпкерлердің орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік қолдау құралдарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат алу үшін кәсіпкерлер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Ұлытау облысы бойынша аймақтық филиалына жүгіне алады.

15:45
27
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.