Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Қазақмыс Жезқазғандағы «Жастар» саябағын ауқымды жаңғырту жұмысын жүзеге асыруда

Қазақмыс Жезқазғандағы «Жастар» саябағын ауқымды жаңғырту жұмысын жүзеге асыруда

Жезқазғанда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жүзеге асырып жатқан қалалық ортаны дамыту бағытындағы ең ірі жобалардың бірі – «Жастар» саябағын жаңғырту жұмысы жалғасуда. Аумағы 6,4 га құрайтын саябақта тұрғындардың тынығуына, отбасымен серуендеуге, спортпен шұғылдануға және қалалық іс-шараларды өткізуге арналған заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастырылуда. Жобаның жалпы құны 4,9 млрд теңгеден асады.

Изображение

Саябақты жаңғырту тұжырымдамасы оның бастапқы жоспарын сақтай отырып, абаттандырудың заманауи стандарты мен қала тұрғындарының ұсыныстары негізінде әзірленді. 

Изображение

Жоба аясында жаяу серуендеуге және велосипед тебуге арналған жолдар, жүгіру жолағы, заманауи субұрқақ, балалардың ойын алаңдары, көлеңкелі демалыс аймақтары, арт-нысандар мен шағын сәулет пішіндері бой көтереді. Қыс мезгілінде мұнда мұз айдынын іске қосып, тұрғындарға арналған маусымдық демалыс орындарын ұйымдастыру жоспарланған.

Жобада көгалдандыру жұмысына ерекше мән берілген. Оның аясында жалпы аумағы 3 га асатын жасыл аймақ абаттандырылып, Жезқазғанның климаттық жағдайына бейімделген ағаштар мен бұталар отырғызылады. Жасыл желекті күтіп-баптау үшін заманауи автоматты суару жүйесі орнатылады.

Изображение

Саябақтың архитектуралық келбеті Жезқазғанның өзіндік болмысын айшықтайды. Онда мысты өңірдің бай тарихы мен өлкенің ғарыштық мұрасын дәріптейтін элементтер көрініс табады. Абаттандыру барысында саябақ мыс өндірісі, ғаламшарлар, ғарыштық траекториялар мен ғарышты игеру тақырыбындағы көркемдік бейнелермен безендіріледі.

Бүгінде саябақта демонтаж жұмысы аяқталып, абаттандырудың негізгі нысандарының іргетасы дайындалуда. Жаңғырту жұмысын 2026 жылғы қазан айының соңына дейін аяқтап, жаңарған саябақты тұрғындар игілігіне беру көзделіп отыр.

Изображение

«Жастар» саябағын жаңғырту – «Қазақмыстың» Ұлытау облысында жүзеге асырып жатқан ауқымды әлеуметтік инвестициялық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Компания өңірдегі қоғамдық кеңістіктерді дамытуға, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. 2026 жылы компания облыстағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 30 млрд теңгеден астам қаражат бағыттайды.

13:35
14
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.