7 тамыздан бастап сайлаушылар тізімін тексеруге болады

7 тамыздан бастап өзіңіздің сайлау учаскеңізде Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу құқығы бар сайлаушылар тізіміндегі өзіңіз туралы мәліметтерді тексеруге мүмкіндік беріледі.
Егер мәліметтерге өзгерістер енгізу немесе оларды нақтылау қажет болса, сіз учаскелік сайлау комиссиясына өтініш беруге құқылысыз.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтынан өңірлердегі сайлау комиссияларының құрамы, сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратпен қатар, өңірлік колл-орталықтардың байланыс нөмірлерін де біле аласыз.