Жастарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды

«Сен 18 жасқа толдың. Енді саған көлік басқаруға сенім артады, өйткені сен шешім қабылдауға, жауапкершілік алуға және қай бағытта жүру керектігін таңдауға дайынсың. Дәл осы жаста сен тағы бір маңызды құқыққа ие боласың – дауыс беру құқығына. Бұл – еліміздің қай бағытта дамитынын таңдауға мүмкіндік. 18 жас – өз таңдауыңа жауапкершілікпен қарайтын кезең. Жаңаруды таңда!»
Осындай үндеумен Орталық сайлау комиссиясы қазақстандық жастарға жүгінді. Сонымен қатар комиссия сайлаушылар тізіміне енгізу тіркелген мекенжай бойынша автоматты түрде жүзеге асырылатынын еске салды.