Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Жол қауіпсіздігі – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адам және оның өмірі мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалған.

Жол қозғалысы саласындағы негізгі талаптар «Жол жүрісі туралы» Заңмен және Жол жүрісі қағидаларымен реттеледі. Жүргізушілер жылдамдық режимін, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын сақтауға, ал жаяу жүргіншілер белгіленген өткелдерді пайдалануға міндетті.

Әсіресе мектептер, спорт нысандары мен қоғамдық орындар маңында қауіпсіздікке ерекше назар аудару қажет. Бағдаршамдар, жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жарықтандыру құралдары талапқа сай болуы тиіс.

Жолдағы тәртіп – әр азаматтың жауапкершілігі. Ережені сақтау арқылы біз өз өмірімізді ғана емес, өзгенің де қауіпсіздігін қорғаймыз.

12:30
12
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.