Жезқазған мен Сәтбаев жылыту маусымына дайындалуда

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы жылу энергетикасы нысандарын аралап, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерді.

Жезқазған ЖЭО-да 2 қазандыққа күрделі, 5 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізілуде. №11 қазандықтағы күрделі жөндеу толық аяқталды. №6 қазандықтағы жұмыстардың орындалуы 71%-ды құрайды. Өңір басшысы жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін толық аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар Жезқазған ЖЭО-дағы 4 турбинаның ағымдағы жөндеуі аяқталды.
Сәтбаев қаласындағы №1 жылу станциясында №3 қазандықтың газ жолдарына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу 93%-ға орындалды. Бұдан бөлек, 4 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Жұмыстарды 15 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

Сәтбаев қаласындағы №1 магистральдық жылу желісін реконструкциялау аясында жоспарланған 48,7 шақырым желіні жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Жылу көздері мен инженерлік инфрақұрылымның дайындығы өңір басшысының тұрақты бақылауында. Көмір жеткізу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.
___

Аким области Ұлытау Есет Байкен посетил объекты теплоэнергетики в городах Жезказган и Сатпаев, где проверил ход подготовки к предстоящему отопительному сезону.
На Жезказганской ТЭЦ проводится капитальный ремонт 2 котлов и текущий ремонт 5 котлов. Капитальный ремонт котла №11 полностью завершен. Выполнение работ по котлу №6 составляет 71%. Глава региона поручил полностью завершить ремонтные работы до конца сентября.
Кроме того, текущий ремонт 4 турбин на Жезказганской ТЭЦ полностью завершен.
На Тепловой станции №1 города Сатпаев капитальный ремонт газоходов котла №3 выполнен на 93%. Также проводится текущий ремонт 4 котлов. Завершить работы планируется до 15 октября.

В рамках реконструкции магистральной тепловой сети №1 в городе Сатпаев ремонт запланированных 48,7 километра тепловых сетей полностью завершен.
Готовность теплоисточников и инженерной инфраструктуры находится на постоянном контроле главы региона. Поставка угля продолжается в соответствии с утвержденным графиком.