Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

САРЫСУ–ТҮЙЕМОЙНАҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ ⠀

САРЫСУ–ТҮЙЕМОЙНАҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ  ⠀

Сарысу ауылында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысан пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы жаңалықтармен құттықтады.

⠀Изображение

Ауыл тұрғындары мен шаруалар үшін маңызы зор Сарысу–Түйемойнақ бағытындағы 21 шақырым автомобиль жолының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұған дейін асфальт жабындысы болмаған жолға биыл толықтай асфальт төселді.

⠀

Жаңарған жол ауыл тұрғындарының қатынасын жеңілдетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін аудан және облыс орталықтарына жеткізуге қолайлы жағдай қалыптастырады.

⠀

Сондай-ақ іс-шара барысында жаңадан салынған ашық футбол алаңы мен ветеринариялық станцияның ашылу рәсімі өтті. Спорт алаңы балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік берсе, ветеринариялық станция мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға қажетті қызметтердің қолжетімділігін арттырады.

⠀Изображение

Биыл Сарысу ауылында абаттандыру бағытында да бірқатар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, 250 метр қоршау, 100 метр 3D қоршау және биіктігі 3 метр, ұзындығы 200 метр қоршау орнатылды.

⠀

Елді мекеннің инфрақұрылымын жетілдіру және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады.

⠀

©️ Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі

12:05
16
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.