«Даму» қолдауымен: қазақстандық «ELLAY» бренді

2025 жылы кәсіпкер Арай Жүзжасарова Берікқызы қазақстандық косметика нарығында «ELLAY» авторлық брендін іске қосты. Мамандығы бойынша химик-технолог Арай косметика жасаумен студенттік кезінен айналысып, өз брендін құруды армандаған.

«ELLAY» өнімдерінің басты ерекшелігі – «Табиғат + Ғылым» тұжырымдамасы. Косметика Қазақстанда өндіріледі, сапа стандарттарына сәйкес келеді және HALAL талаптары бойынша сертификатталған.
Брендтің дамуына тұтынушылардың сенімі мен өнімге деген сұраныстың артуы серпін берді. Ассортимент кеңейіп, сатылым көлемі тұрақты өсіп келеді.

Бизнесті одан әрі дамыту мақсатында Арай «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржыландыруына жүгінді. Жобаны жүзеге асыруда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мемлекеттік қолдауы маңызды рөл атқарды. Кәсіпкер «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы аясында несие сомасының 85%-ы мөлшерінде «Даму» қорының кепілдігін алды.
Бүгінде «ELLAY» бренді дамуын жалғастырып, өнім ассортиментін кеңейтуде. Кәсіпкердің басты мақсаты – отандық косметикалық брендті Қазақстанның барлық өңірлеріне танытып, серіктестік желісін қалыптастыру.
Байланыс: +7 708 395 49 72.
Instagram: @ellay.kz.