РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНІҢ ТАРИХЫ МЕН БҮГІНГІ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

16 қазанда Жезқазған қаласындағы Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – қоғамдық бірліктің негізі» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев, діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың өкілдері және құрметті қонақ – «Рухани келісім конгресі» халықаралық қоғамдық қорының президенті, композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов қатысты.
Рухани келісім күні идеясының авторы Төлеген Мұхамеджанов атаулы күннің қалыптасу тарихы мен маңызына кеңінен тоқталып, қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтудағы рөлін атап өтті.

Кездесуде жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаттары, конфессияаралық келісім және 7 қазанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысының қорытындылары талқыланды.
Сондай-ақ Ұлытау облысы Діни бірлестіктер клубының жұмысы таныстырылды. Клуб аясында түрлі конфессия өкілдерінің қатысуымен бірлескен кездесулер, тимбилдингтер, ұлттық ойындар және қазақ тілін үйрену курстары ұйымдастырылып келеді.

Іс-шара соңында діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың өкілдеріне облыс әкімінің атынан құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
#ұлытауоблысы #руханикелісім #қоғамдықбірлік #конфессияаралықкелісім