ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өнеркәсіп саласын технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға басымдық берді.
Қазақстанның мол табиғи байлығын ел игілігіне жарату, өндіріс орындарын жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және өңдеу өнеркәсібін дамыту – тұрақты экономикалық өсудің маңызды алғышарттары.
Бұл бағыт Ұлытау облысы үшін де ерекше маңызға ие. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін тиімді пайдалану, өндірісті әртараптандыру, инвестиция тарту және заманауи технологияларды енгізу экономиканың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын сақтау – ұзақмерзімді дамудың маңызды талаптары.
Қуатты өнеркәсіп, тиімді өндіріс және табиғи байлыққа жауапкершілікпен қарау – тұрақты дамудың берік негізі!
#ПрезидентЖолдауы #Өнеркәсіп #ҰлытауОблысы #ТұрақтыДаму #Экономика