ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың тұрғындармен жеке кездесулері жалғасуда.
Кезекті жеке қабылдауды облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қайрат Мейрамұлы «Әділет» партиясының облыстық филиалы ғимаратында өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, түрлі сұрақтар бойынша өтініштерін жеткізді. Кандидат әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген сұрақтар бойынша кеңес беріп, тиісті түсініктемелер ұсынды.
Мұндай кездесулер тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелерді зерделеуге және халықпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Изготовлено: Пресс-служба филиала партии «Әділет» по области Ұлытау.
Заказчик: Құрмансейіт А.А.
Оплачено из средств избирательного фонда ОО «Партия «Әділет», выдвинувшего партийный список на выборах депутатов маслихата области Ұлытау.