Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Жезқазғанда 21 жасқа толмаған тұлғаға алкогольдік өнім сату фактісі анықталды

Жезқазғанда 21 жасқа толмаған тұлғаға алкогольдік өнім сату фактісі анықталды

Жезқазғанда 21 жасқа толмаған тұлғаға алкогольдік өнім сату фактісі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Жезқазған қаласында полиция қызметкерлері түнгі клубтардың бірінде 21 жасқа толмаған тұлғаға алкогольдік өнім сату фактісін анықтады. Құқық бұзушылық 15 қарашаға қараған түні тіркелді. Аталған дерек бойынша жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 21 жасқа толмаған адамдарға алкогольдік өнім сату бойынша 29 құқық бұзушылық анықталған. Заңнама талаптарына сәйкес, алкогольдік өнімдерді 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынған. Полиция қызметкерлері кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ алкоголь өнімдерін сату кезінде сатып алушының жасын растайтын құжатты тексеру қажеттігін ескертеді.

15:30
21
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.