Жаңаарқа ауданында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

«Әділет» партиясының Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаты Ғалым Қойшыбаев Жаңаарқа ауданындағы «Жаңаарқа – Жылу» коммуналдық кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өңірдің өзекті мәселелерін шешудегі партияның басымдықтары туралы айтты.
Кездесу соңында кандидат еңбек ұжымын алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Изготовлено: Пресс-служба филиала партии «Әділет» по области Ұлытау.
Заказчик: Құрмансейіт А.А.
Оплачено из средств избирательного фонда ОО «Партия «Әділет», выдвинувшего партийный список на выборах депутатов маслихата области Ұлытау.