Ұлытау облысында сайлау күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

2026 жылдың 29 қарашасында, мәслихат депутаттарының сайлауы өтетін күні Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларында қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Бұл мүмкіндікті барлық жолаушы пайдалана алады.
Аталған шара өңір тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға және сайлау учаскелерінің көлік қатынасы тұрғысынан қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.