Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-кеңес өткізілді. Оған әкімшілік мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Изображение

Кездесу барысында құмар ойындарға тәуелділіктің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әсері, сондай-ақ қаржылық пирамидалар мен дропперлік схемаларға қатысудың құқықтық және әлеуметтік салдары түсіндірілді. Сонымен қатар діни радикализмнің алдын алу, есірткіге қарсы іс-қимыл, қызметтік автокөлікті пайдалану тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және заң талаптарын орындау мәселелері талқыланды.

Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің профилактика саласы мамандары баяндама жасап, заңсыз қаржылық әрекеттер мен құмар ойындарға әуестік азаматтардың қаржылық тұрақтылығына кері әсер етіп, қарыздың көбеюіне, отбасылық және әлеуметтік мәселелердің туындауына, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау барысында құқық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ ерте профилактикалық жұмыстарының және ақпараттық-түсіндіру шараларының маңыздылығы туралы айтылды.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізілді.

Іс-шараны Ұлытау облысы әкімдігі аппаратының әдеп жөніндегі жедел уәкілі, Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Діндерді зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

12:25
70
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.