Назар аударыңыз, Жезказған қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2026 жылдың 7–8 қазанында қала аумағында азаматтық қорғау бойынша жоспарлы командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтеді.
Іс-шаралар барысында шұғыл қызметтердің әрекеттері пысықталып, хабарлау жүйелері тексеріледі.
Баршаңызды сабыр сақтауға, дүрбелеңге бой алдырмауға және ресми органдардың нұсқауларын орындауға шақырамыз. Барлық іс-шаралар тек оқу-жаттығу сипатына ие.