Назар аударыңыз, Құрметті Жезказған қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2026 жылғы 18 қарашада қала аумағында «Қыс – 2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталып, халықты құлақтандыру жүйелерінің жұмысы тексеріледі.
Осыған байланысты баршаңызды сабыр сақтауға, дүрбелеңге бой алдырмауға және мемлекеттік органдардың ресми нұсқауларын орындауға шақырамыз.
Назар аударыңыздар! Барлық іс-шаралар тек оқу-жаттығу сипатында өткізіледі.